Өрт сөндіру қызметі жаңа техникалармен жабдықталуда
Жуырда Үкімет отырысында Қазақстандағы орман аумақтарын сақтау және ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.Басқосуда баяндама жасаған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың дерегінше, Қазақстанда кейінгі 5 жылда орман алқаптарының ауданы 267 мың гектарға ұлғайтылған. Сондай-ақ орманды қорғау мекемелерін техникамен қамту, орманшаруашылығы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шаралар қабылданып жатыр.