Мемлекеттік инспектор Байзақ ауданында
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғани Кенжеахметов жұмыс сапарымен Байзақ ауданына келіп, Сарыкемер ауылындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып, пайдалануға берілген №7 орта мектептің тыныс-тіршілігімен танысты.
Мектеп директоры Гүлмира Есентаева қонақтарға мектеп туралы толық мағлұмат берді
Ғ.Кенжеахметов мектепті аралап, барлық сыныптардың қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталғанына көз жеткізді. Кітапханашыдан оқушылардың кітапты қалай алып, қай уақытта оқитындарын білді.
Мектептегі ендігі бір мәселе – білім ошағының газға қосылуы. Бұл мәселені де тезірек шешуді мердігер компания «ТаразҚұрылыс дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талап Тайшиповқа тапсырды.
Келесі кезекте Ғани Кенжеахметов Жалғызтөбе ауылдық округіне қарасты Жетібай ауылына барып, өткен жылы ашылған «Али черепица» жабындысын шығаратын цехта болды. Жеке кәсіпкер Нұрсұлу Сайлаубекова «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша 2,5 пайызбен 6 миллион теңге несие алып, алдымен арнайы станок сатып алған.
Ғанибек Темірболатұлы әңгіме арасында цехтың төбесін жабуға, басқа да қажеттілікке байланысты қаржылай көмек керектігін айтып қалды. Егер де сұраныс көп болатын болса, тағы 2-3 адамды жұмысқа тартуға мүмкіндігі барын да жасырмады.
Сүндетулла ӘБІЛОВ,
журналист,
Байзақ ауданы