Жамбыл жаңалықтары

ҚАЖД мекемелерінде оңалту жұмыстары жүргізілуде

«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік- әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында сотталған жат ағымдардың жетегіне ергендерді оңалту мақсатында 10 маманмен келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт бойынша шақырылған мамандармен аптасына 1 рет, айына 4 рет, 7 айда 28 рет кездесу ұйымдастырылады. Әр маман кездесулер бойынша сотталған азаматтардың портреттерін, қандай діни ағымды ұстанғанын, кімнің уағызын тыңдайтынын, қандай кітап оқитынын анықтауда.

Сонымен қатар жоба негізінде 2024 жылдың 10 қазан күні республикалық маңызы бар қаладан арнайы ұстаз Имаммәди Түсіпхан шақырылды. Имаммәди Түсіпхан №58, 25 түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта бұған дейін дінтанушы маман Нұржан Стамбакиев және Асқар Акимханов, белгілі ұстаз Ризабек Батталұлы шақырылған болатын. Аталған мамандармен №25, 26, 58, 59, 158/4 түзеу мекемелерінде кездесулер өткізілді.

Назима ЮЛДАШОВА,

«Komek.demeu.kz» қоғамдық

қорының президенті