Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша ведомствоаралық шаралар күшейтілді
«Есірткі қылмысына қарсы күрес тиімді әрі жүйелі болуы тиіс, себебі ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықтың денсаулығын қорғауға әсер етеді», - деп Нұрғалым Әбдіров құқық қорғау органдарының барлық мамандандырылған тергеу және оперативті бөлімшелерінің қатысуымен Полиция департаментінде өткен ведомствоаралық кеңесте атап өтті.
Ағымдағы кезеңде бірлескен шаралармен есірткі қылмыстары 15,3%-ға төмендеді (457-ден 387-ге дейін).
Оған облыстың 5 ауданында жабайы қарасораның нақты өсу учаскелерін анықтап, 1183 тоннасын (2023 ж. - 220 тн) жоя отырып, жергілікті атқарушы органдармен «Есірткісіз болашақ» форматында бірлескен шаралар да ықпал етті.
Прокуратура әзірлеген «NarkoShekteuTaraz» телеграм-ботымен 2886 есірткі сайты бұғатталды, 439 граффити жойылды, олар бойынша 21 қылмыстық іс тіркелді.
Сонымен қатар прокурорлар есірткі жарнамасын насихаттайтын жағымсыз мазмұнды анықтауға баса назар аудара отырып, оқушылар мен колледж студенттері арасында факультативтік сабақтар өткізуде.
Осыған орай, жұмыстың нәтижелілігін арттыру бойынша қосымша шаралар айқындалды, ол үшін қылмыстарды анықтау және ашу тактикасы бойынша арнайы сарапшыларды тарта отырып, қаржылық тергеулерді қамтитын ведомствоаралық топтар құрылды.
Есірткі қылмыстарына қарсы күресте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына және құқық қорғау органдарының жедел-тергеу құрылымдарының тиімділігіне баса назар аударылды.Нұрғалым Әбдіров есірткі қылмыстарын анықтау процесінде арандатушылыққа және лауазымдық функцияларын асыруға жол бермеуге ерекше назар аударды.
7 азаматты қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартқаны үшін полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстарды арандату және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ағымдағы жылы «Дельта-Долина» ауданаралық есірткіге қарсы күрес бөлімнің 2 қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты (заңды күшіне енген жоқ), 34 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Осы тектес бұзушылықтардың алдын алуға нақты шаралары мен жауапкершілік аймақтары белгіленген бірлескен ведомствоаралық жоспар қабылданды.Прокуратура есірткі қылмысымен байланысты жағдайды жақсарту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жамбыл облысының прокуратурасы