Заң

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі өңірлердегі қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда,деп хабарлайды arainfo.kz

Жыл басынан бері Шымкентте ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар осындай 10-нан астам топ ұсталды.

8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобын ұстады. Олардың бопсалауға, бұзақылыққа және қаруды заңсыз сақтауға қатысы болғаны туралы мәліметтер алынды.

11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған.

Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізілді, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.