Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даму картасы цифрлық форматқа көшеді
Биылғы жылы мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы автоматтандырылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Ол балалардың дағдыларының дамуы мен қалыптасуын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ОКҚ алаңында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады.
Карта цифрлық форматқа ауыстырылды және ұлттық білім беру дерекқорымен интеграцияланды, бұл ақпаратты мектептерге жолдауға мүмкіндік береді және мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз сабақтастықты қамтамасыз етеді.