2030 жылға қарай қазақстандықтардың табысы өседі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Парламентінің Мәжілісінде Үкімет сағатында сөз сөйледі,деп хабарлайды arainfo.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ЕХӘҚМ басшысы депутаттарға еңбек нарығының дамуы және Қазақстандағы кадрлық әлеуетті күшейту туралы баяндады
.Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша еліміздің ауыл шаруашылығындағы 2023 жылы жұмыспен қамтылған 1,1 млн жұмыскердің жартысынан көбі өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар. Олардың жалақысы республикалық деңгейдегі орташа еңбекақыдан екі есе дерлік төмен. Бұл формалды емес жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін және ауыл жұмыскерлерінің әлеуметтік қорғалуының төмен деңгейін көрсетеді.
Еңбек министрлігі мемлекет мүддесіне сай келетін және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін теңдестірілген көші-қон саясатын құру бойынша жұмыстары жалғастыруда.