Денсаулық

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 8 мыңға жуық бала дүниеге келді

Демографиялық жағдайды жақсарту үшін 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Аңсаған сәби»бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 8 мыңға жуық көптен күткен бала дүниеге келді, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова айтты.

Жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерге еліміздің 240 перзентханасында медициналық көмек көрсетіледі, 9 мыңнан астам төсек орналастырылған, оның 43%-ы әйелдерді ауылдық деңгейде қабылдайды.