Әлеумет

Мемлекеттік қызмет көрсетуде заңбұзушылық азаймай тұр

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы қамтиды. Оның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінен тыс қалмайтыны белгілі.

Бір айта кетерлігі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп, соған сәйкес жаңа тәсілдер аясында тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданған.

Жақында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру, қызметтер көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелердің түйінін тарқату мақсатында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес жиында алдымен облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Ғалия Боранбаева баяндама жасады. Ғалия Бектенқызы өз есебінде бөлімнің 2024 жылдың екінші тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бағалау көрсеткіштері және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау шаралары туралы баяндады.

Б а я н д а м а ш ы н ы ң а й т у ы н ш а , мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары – 174, кіші түрімен қоса алғанда 281 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Тарқатып айтсақ, қағаз түріндегі – 11, электронды – 270, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін 89 қызмет түрі бар.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, ҚР Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бағалау әдiстемесіне сәйкес жыл сайын жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бағаланады. Яғни Президент әкімшілігі «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» бойынша бағалау рейтингісін қалыптастырады. Бағалау нәтижелері бойынша, облыстың жергілікті атқарушы органдарының көрсеткіші 95,28 балға тең. Дегенмен аймақ тұрғындарының көрсетілетін қызмет сапасына шағымдану, мерзім бұзу, статистикалық мәліметтерді сапасыз ұсыну, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілері бағалау нәтижесіне кері әсерін тигізіп жатқан көрінеді.

«ҚР Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында осы жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жылдық жоспарларға сәйкес 60 бақылау шарасын жүргізіпті. Тексеру жұмыстарының барысында жалпы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзудың 863 фактісі анықталған. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың – 500, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің – 192, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 68 фактісі тіркелген. Сондайақ бекітілген стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету бойынша – 7, заңнаманың өзге де талаптарын бұзуға қатысты 96 жағдай орын алған.

Б а я н д а м а ш ы е с е б і н е н к е й і н қоғамдық кеңес мүшелері Рахматілдә Рахманбердиев пен Сәуле Рысбаева мерзім бұзу фактілеріне жол берген қ ы з м е т к е р л е р г е қ а н д а й ш а р а қолданылғанын сұрады. Ғ.Боранбаева өткен жылы Жамбыл ауданында мемлекеттік қызметкерлердің декреттік еңбек демалысына шығуы мен жиі ауысуы себебінен «Бір мезетте әскерге шақыруды кейінге қалдыру» деген қызмет түрі бойынша 16 мерзім бұзу фактісі орын алып, ол бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтты. Қордайда да былтыр әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру, сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелері құқықтарын сатып алу, қауіпті өндірістік объектілер салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қызметтері бойынша 12 заңбұзушылық орын алған. Бұл бойынша қызметкерлерге еңбекақысына әсер ететін ескерту түрінде шара қолданылған.

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Жанәділ Қ ұ р б а н о в т ы ң а й т у ы н ш а , б и ы л департамент тарапынан сәулет, қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімін бұзу деректері бойынша бірінші басшыларға, ауылдық округ, бөлім басшыларына 7-8 әкімшілік хаттама толтырылса, рұқсат беру мерзімдерін бұзу деректері бойынша да Қордай ауданы тағы да көп кемшілік жіберген. Ауданда соңғы айда 13 заңбұзушылық фактісі есепке алынып, 3 ескерту, 7 әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ Рахматілдә Рахманбердиев мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңбұзушылықтардың жиі орын алуы тәртіптің жоқтығын көрсететінін айтып, қажет болса, аудан әкіміне де жаза қолданылу керектігін жеткізді. Қоғамдық кеңестің мүшесі Назима Жұбандықова аудандардағы «Сервистік әкімдіктер» мен «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» тиісті деңгейде жұмыс істемейтінін баяндады.

Кеңес мүшесі Сұлтан Өсербаев та баяндамашыға бірқатар ұсынысын жеткізді.

Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Ә бд і р а й ы м о в « Е - л и ц е н з и я л а у » ақпараттық жүйесін уақытылы қарамау, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың өздеріне жүктелген жауапкершілікке жүрдім-бардым қарауы және басшылық тарапынан қадағалаудың төмендігі ойландырарлық мәселе екенін айтты. Сондай-ақ порталды қадағалау бойынша кесте құрып, жауапты маман бекіту керектігін жеткізді. Талқыға түскен кемшіліктерді жоюды тапсырып, заңбұзушылыққа жол бермеу керектігін ескерткен кеңес мүшелері баяндамашы Ғ а л и я Б е к т е н қ ы з ы н ы ң е с е б і н «қанағаттанарлық» деп таныды.

Мұнан соң облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев есеп беріп, басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Айтуынша, әлеуметтік салада, оның ішінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мансап орталықтары және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту бөлімдері 24 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде басқармада тікелей 3 және басқармаға қарасты мансап орталықтарында – 4, жалпы алғанда 7 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады. Қалған 17 мемлекеттік қызмет түрі Тараз қаласы және аудан әкімдіктері арқылы көрсетіледі.

Халықты әлеуметтік көмекпен қамтуды әділетті және ашық түрде жүзеге асыру үшін «Әлеуметтік әмиян» жобасы да Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан қолға алынған. Бұл кешенді жобаның бір бағыты ретінде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі негізінде отбасылардың әл-ауқат деңгейін анықтау бойынша арнайы өңірлік штаб құрылып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне межелер бекітіліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан облыс әкімдерінің бағалау рейтингісі әзірлену үстінде. Ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өлім-жітім көрсеткіші мен дағдарысты Д, Е санаттағы отбасылардың санын азайту бағытында қолданылмақ. Осыған орай басқарма, өңірлік штаб мүшелері осы бағыттағы жұмыстарды жүргізуде. Облысымызға жыл соңына дейін 2 100 дағдарысты санаттағы отбасыларды азайту межесі қойылып отыр. Нәтижесі көп ұзамай анықталатын болады.

Осы жылғы жоспар бойынша 259 нысанды бейімдеу жоспарланып, соңғы 8 айда 160 нысанға 103 миллион теңге қаржы қаралып, 151 нысанда бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталған. Сәйкесінше 1 295 ғимарат бейімдеуді қажет етеді. Сөз соңында баяндамашы бұл бағыттағы жұмыстарды жыл соңына дейін Байзақ, Мойынқұм, Талас және Шу аудандарында күшейту мәселесін хаттамаға енгізуді ұсынды.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ