44 жасар тұрғынның ауласынан 44 килограмм есірткі заттары тәркіленді
«Қарасора – 2024» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ауласында қарасораның үлкен партиясын өсірген Тараз қаласының тұрғынын құрықтады. 44 жастағы күдіктіге қатысты құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сондай-ақ сарайдан кептірілген марихуана есірткі заты бар полиэтилен пакет және кептіру үшін кесіп дайындап қойған 90 түп қарасора бұтасы табылды. Бақшадан тағы 8 дана өсіп тұрған қарасора бұталары табылды. Есірткі затының жалпы салмағы 44 илограмм 800 грамды құрады.