Тифломузейден тың дүниелер табасыз
Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тифломузей» жобасы аясында М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған тифломузей бұрышы ашылды. Сонымен қатар М. Х. Дулатидың туғанына 525 жыл толуына орай «М.Х.Дулати мұрасы: тарих пен тағылым» тақырыбында конференция өтті.
Жиын барысында М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, аталған оқу орнының «Журналистика және филология» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев, «Журналистика және филология» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Бақытжан Махашұлы сөз сөйлеп, өздерінің ойтолғамдарын жеткізді.
Ал конференцияда «Қазақ тарихының атасы – М. Х. Дулати», «М. Х. Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегіндегі жер-су атауларының көрінісі», «Мұхаммед Хайдар жамбасы тиген жерден Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» шығармасында кездескен салт-дәстүрлер» тақырыбында баяндамалар оқылды.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ