Жылыту маусымы кедергісіз өтеді
Қар жауып, қазан ұратын күздің қара суығы басталатын күн жақындады. Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың қатысуымен брифинг өтіп, 2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық барысы баяндалды.
Ғалым Исабайұлының сөзіне сүйенсек, облыс бойынша отын-энергетика кешендерінің 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспары мерзімінде аяқталып , жылу беруге толық дайындалған. Жылыту маусымына дайындық және маңызды науқанды ойдағыдай өткізу бойынша облыстық штаб құрылған. Дайындыққа қатысты 8 штаб отырысы өткізілсе, жылыту маусымы кезеңінде 6 штаб отырысын өткізу жоспарланған.
Спикердің айтуынша, облыста 9 негізгі жылу энергетика кешені және 593 автономды қазандық бар. Осы арқылы 1 737 әлеуметтік нысан мен 1 646 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз е т і л е д і . Қ о л д а н ы с т а ғ ы нормаларға сәйкес сыртқы ауа температурасы 5 күн бойы +8 градусқа тең немесе одан төмен болған жағдайда жылыту маусымы басталуы керек.
Тараз қаласы әкімінің өкіміне сәйкес әлеуметтік маңызы бар нысандарға өздерінің сұраныстары негізінде 7 қазаннан бастап жылу беру басталыпты. Қала бойынша жылыту маусымы 15 қазаннан басталады.
Дәл осы маркалы көмірлер ауылдарға дейінгі қашықтықты ескере келе, жеткізу құны есебімен 21-27 мың теңгеден сатылып жатыр екен. Ал Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында көмір сатумен айналысатын теміржол тұйығы бар нарық субъектілері жоқ. Бұл өңірлердің тұрғындары Тараз және Шу қалаларынан көмір сатып алады.
Брифингте басқарма басшысы облыс тұрғындарына үндеу жолдап, қыс мезгілінде көмірді жоғары бағамен сатып алмас үшін және бағаны тұрақтандыру мақсатында көмірді қазірден бастап ертерек сатып алуды сұрады.
Жалпы облыс бойынша жылыту маусымының өту барысы тұрақты бақылауда. 7-15 қазан аралығында жылыту жүйесі толық іске қосылады. Қазіргі уақытта Тараз қаласы бойынша 167 әлеуметтік нысан жылумен қамтылды. Меркі ауданы бойынша 40 білім, 38 денсауық сақтау нысанына, Жуалы ауданында 5 білім, 1 денсаулық сақтау нысанына, Жамбыл ауданында 38 денсаулық сақтау, 45 білім нысанына жылу беріліпті.
А.БЕКЕНҚЫЗЫ