Жамбыл жаңалықтары

Фотоаппарат объективінде – көрікті Тараз

Жамбыл облысының 85 жылдығы және Тараз қаласының күні мерекесіне орай Қ.Рысқұлбеков саябағында «Тараз көркі» атты фотобайқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова арнайы қатысып, байқау жүлдегерлеріне ізгі тілегін жеткізді. Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фотоөнер арқылы насихаттап, көркейген шаһарды көпшілікке жаңа қырынан танытуды мақсат еткен байқауда 15 қатысушы өз туындыларын ұсынды.

Солардың ішінен 7 үміткер үздік деп танылды. Айталық, байқау нәтижесі бойынша Арнат Саматұлы «Үздік репортаж», Дәурен Нысанбай «Фото минимализм», Ислам Қамшыбек «Қас қағым сәт» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ Ұлжан Каленова «Қас қағым сәт» номинациясы, Максим Дядык «Үздік қала пейзажы» номинациясы, Мерей Өрнек «Мөлдір табиғат» аталымдарына қол жеткізіп, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ