Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шағын құрамдағы келіссөзге дейін «Оғызхан» сарайында Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі өтті,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас екі ел арасындағы санқырлы ынтымақтастықты нығайтуда мұндай жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті.
Өз кезегінде Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның бауырлас Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті жан-жақты өркендетуге бейіл екенін растады.
Кездесуде тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізді.