Жаңалықтар

Шотыңыздан ақша жоғалуы мүмкін.БЖЗҚ алаяқтар туралы ескертеді

Алаяқтар қазақстандықтарға «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуда,деп хабарлайды arainfo.kz сайты stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Олар айыппұл төлеу және басқа да қиындықтар туындамас үшін жеке қабылдауға келу үшін онлайн кезекке тұруды ұсынады. Осыдан кейін жәбірленушінің телефонына келетін кодты сұрайды. Осылайша, банк карталарынан қаражат ұрланады.

Ескерту «БЖЗҚ» АҚ әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында жарияланды.