Спорт

Қазақстанда 2027 жылы Дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

Лос - Анджелес Олимпиадасы қарсаңындағы дзюдодан әлем чемпионатын 2027 жылы еліміз қабылдайды,деп хабарлайды arainfo.kz

Мұндай шешім ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визердің Будапеште IJF-тің штаб-пәтерінде өткен кездесуде қабылданды. Сондай-ақ кездесу барысында тараптар Қазақстанда IJF академиясының филиалын ашу жайында уағдаласты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан бір рет әлем чемпионатын өткізген. Астанада 2015 жылы өткен додада бір салмақта (60 кг) екі дзюдошымыз финалда күресіп (Елдос Сметов пен Рустам Ибраев), Елдос Сметов алтыннан алқа таққан. Жалпы есепте Ұлттық құрама 1 алтын, 1 күміспен 4-сатыға тұрақтаған.