Кәсіп

Оқушылар да миллион ұта алады

Былтырғы оқу жылынан бастап 5-11-сынып оқушылары «Halyk Bank» ұсынған жоба аясында үздік бағалары үшін бонустар алу мүмкіндігіне ие болды. Жоба оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар оқушылар жақсы бағалары үшін бонустар жинап қана қоймай, ай сайын 100 000 бонус ұтыс ойынына қатыса алады.

«Halyk Bank»-тен бонустар алу үшін ата-ана алдымен «Halyk Еasy» картасын тегін ашып, «Kundelik.kz» сайты арқылы бағаларды беруге келісім беруі қажет. Ал балаға «Halyk Easy» картасын ашу үшін ата-ана «Halyk» қосымшасында тіркелуі керек. «Halyk Еasy» картасын ашқан кезде ата-анаға автоматты түрде жаңа шот ашылады, оған баланың картасы тіркеледі.Осылайша оқушы үздік бағалар үшін бонустар ала бастайды. Бонустар «Kundelik.kz» сайтында үздік баға қойылғаннан кейін келесі күні есептеледі.

«Halyk» қосымшасында бонустарды тек балалар көре алады. Максималды бонус – айына 1 000 бонус. Тоқсан үшін және бөлім үшін жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан үшін жиынтық бағалау (ТЖБ) нәтижелері бойынша алынған бағаларға 100 бонус берілмейді. Бонустар күймейді, оларды «Halyk POS»-терминалдарында немесе «Halyk» қосымшасында жинауға және жұмсауға болады. Алайда қазан айы басталса да облыс оқушыларының бағалары әлі күнделікке түспей, банк ұсынған бонусты ала алмай отыр. Яғни «Электронды күнделік» платформасы біріздендірілмеген. Ата-аналар да сарсаңға түсіп, ұл-қызының бағасын көре алмауда. Себебін облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұловадан сұрадық.

«Bilim class» платформасының ауқымы кең, қолдану барысында да ешқандай қиындық туындамайды. Пандемия кезінде қолданысқа енген жүйеге бір мезетте кемі 1,5 миллион оқушы кірген екен. Платформа оқушылардың бұдан да көп үлесін қамти алады. Тек кей жерлерде интернеттің әлсіздігі бағдарлама жұмысына кедергі келтіреді екен. Яғни «Bilim class» платформасына толық көшкеннен кейін оқушылар осы уақытқа дейін жинаған бонустарына қол жеткізе алады.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА