Бизнестің бөлшектенуі кімге тиімді?
Жақында «Ашық НҚА» порталында 2025 жылдан бастап заңдастырады деп отырған Салық кодексінің жаңа, кезекті жобасы жарияланды . Осыған дейін бұл жобаның ескі нұсқасы тым қатаңдығы мен жетілмегені үшін сынға іліккен. Жаңа жобаны жұрт назарына ұсынып отырған жұмыс тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «бизнестің бөлшектеніп кетуіне жол бермеу қажет » деген тапсырмасын басшылыққа алғандай. Бұл міндетті шешкісі келген әзірлеушілер ресейлік үлгіні негізге алып, арнайы салық режимдерін енгізуге шешім қабылдаған көрінеді.
Тәуелсіз сарапшылар арнайы салық жүйесін бөлшек салық пен бизнес үшін жеңілдетілген декларация негізінде біріктіру жөніндегі бастамаға назар аударып отыр. Онда табыс салығын есептеу тәртібі өзгерді, қызмет түрлері бойынша салық жеңілдіктерін қолдану аясы кеңейтілді. Сарапшы Досым Сәтпаевтың айтуынша, біздің күні бүгінге дейінгі қателігіміз осыған байланысты.
Ішкі нарықта бизнестің трансформацияға дайын еместігі көпке дейін жабық тақырып болды. Заңнамада бекітілмеген, алайда салықтан жалтарудың мұндай тәсілін кәсіпкерлер жиі қолданады. 2023 жылдың соңында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев шағын кәсіпкерлік субъектілері саны бизнестің бөлшектенуі нәтижесінде өсіп жатқанын айтты.
Кәсіпкер Олжас Мамадәлінің айтуынша, бизнеске бір-бірімен тізбектеліп жатқан бағдарлама емес, қарапайым, баршаға түсінікті ойын ережесі керек.
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ,
журналист