700 оқытушы жасанды интеллектті жетік меңгереді
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Astana Hub»-пен бірге Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған ауқымды оқыту бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама аясында 47 университеттің 700 оқытушысы «Tech Orda» бағдарламасының арнайы ағыны аясында жасанды интеллект және «Game Development» бағыттары бойынша оқытудан өтеді.
Оқыту «Тренерлерді дайындау» (ToT) жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Бұл оқытушыларға тек теориялық негіздерді меңгеріп қана қоймай, оларды практикада қолдануға мүмкіндік береді.
Оқытушылар аптасына екі сабақ оқиды. Сабақтың ұзақтығы әрқайсысы 90 минуттан, әр топта 25 адамға дейін қамтылады. Дәріс қазақ және орыс тілінде беріледі, барлық материалдар, оның ішінде бейнесабақтар екі тілде ұсынылады.
Жасанды интеллект бағыты бойынша оқу бағдарламасы «Prompt engineering», «Data analytics», «Data Science» және «Computer Vision» бойынша кіріспе курсты қамтиды. Ал ілгері курс жасанды интеллект, табиғи тілді өңдеу (Natural Language Processing) және тереңдетіп оқыту (Deep learning) тақырыптарын қарастырады.
«Game Development» бағытында геймдизайнның негіздері, компьютерлік графика, модельдеу және текстуралау, риггинг, анимация және ойындардағы UI/UX негіздері, сондай-ақ ойын әзірлеу оқытылады.
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің
баспасөз қызметі