Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау басталды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев пен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нейли Муликованың қатысуымен брифинг өтті. Спикерлер адам папиллома вирусының (АПВ) алдын алу мен қауіптілігі туралы айтты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымын және халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультативтік тобының шешімін ескере отырып, 11 жастағы қыздар жоспарлы вакцинациялауға жатады. Бұдан басқа 11 жастан асқан қыздардың ата-аналарының өтініштерін ескере отырып, 12-13 жас аралығындағы қыздарды АПВ-ге қарсы толықтыра иммундау жүргізу туралы шешім қабылданды.
Баяндамашының айтуынша, соңғы онжылдықта бас және мойын қатерлі ісігінің, сондай-ақ АПВ салдарынан айналшық қатерлі ісігінің жоғарылауы байқалыпты. Айта кетейік, Қазақстанда қолданылатын АПВ вакцинасы вирустың 4 түрінен қорғайды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА