Жаңалықтар

Жастарға барлық жағдай жасалады

Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков саябағында жастармен кездесті. Басқосуға жастар ұйымдарының көшбасшылары, волонтерлер мен студенттер қатысты.

– Кез келген мемлекеттің дамуы, болашағы сол елдің жастарына байланысты. Бүгінгі таңда тәуелсіз елдің жалынды жастарына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп, түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Облысымызда да жастарды жарқын болашаққа ынталандыруға бағытталған бірқатар жоба қолға алынған. Мәселен, «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жастарды баспанамен қамтуда тиімділігін дәлелдеді. Жастарды қолжетімді баспанамен қамту – облыс басшысының басты назарында.

Еркін форматта өткен басқосуда жастар өзара пікір алмасып қана қоймай, облыс әкімінің орынбасарына бірқатар ұсынысын жеткізді.Мәселен, кезде судестуденттерді жатақханамен қамту, шығармашылыққа жаны жақын жастарды қолдау бағытында іс-шаралар өткізу, буллингтің алдын алу, жұмыспен қамту, қала тазалығына қатысты орынды ойлар, ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде Серік Жақсылықұлы барлық сұрақтарға нақты әрі ашық жауап беріп, жастарға білім жолында да, өмір жолында да сәттілік тіледі.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ