Мәдениет

Димаш Құдайберген Діндер съезінің ізгі ниет елшісі болып тағайындалды

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Олардың арасында Димаш Құдайберген де болды. 

Хатшылық отырысына қатысушылар бес үміткердің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Қалған ізгі ниет елшілерінің тізіміне Иерусалим Патриархы III Феофил, Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам, Вьетнам буддистік сангха атқару кеңесі төрағасының орынбасары, бас хатшы Тик Дык Тьен кірді.