«Парасат елшісі» республикалық байқауы бастау алды
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Парасат елшісі» республикалық байқауы бастау алды,деп хабарлайды arainfo.kz
Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, жастардың назарын сыбайлас жемқорлық проблемаларына аудару, сонымен қатар қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау.
Байқауға ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеті бар 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Байқау 3 кезеңнен (I кезең – парасаттылық елшілік ету онлайн форматта, II кезең – бейнероликтер байқауы онлайн форматта және финалдық кезең офлайн форматта Тараз қаласында өтеді) тұрады және 2024 жылдың 7 қазан – 29 қараша аралығында өткізіледі.
Байқауға қатысушылар өтінім парағын ұйымдастыру алқасына taraz.zhastar08@gmail.com электронды мекен-жайына 2024 жылдың 7 қазанына дейін жолдау керек.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 900 мың теңгені құрайды.
Байқау өткізілгеннен соң байқау қатысушыларынан «Парасат елшілері» атты спикерлер пулы құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы іс-шараларға тартылатын болады.
Байқау туралы толық ақпаратты департаменттің ресми сайтынан (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/documents/details/728583?lang=kk) немесе 8 (7262) 93-60-20 телефоны арқылы білуге болады.