Бүгіннен бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және оны өткізу бойынша штаб отырысы өтті,деп хабарлайды arainfo.kz
Шаһар басшысы жылыту маусымына салғырт қарауға болмайтынын баса айтты.
Басқосу соңында штаб мүшелерінің ұйғарымымен, 7 қазаннан бастап Тараздағы әлеуметтік нысандарға жылу беру жөнінде шешім қабылданды. Ал тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету қала әкімінің қаулысына сәйкес, 15 қазанға бекітілді.
Ескеретін жайт, жалпы жылыту маусымы ауа райын назарға ала отырып, бес күн мерзім аралығында сегіз градус немесе одан төмен болатын болса, тиісті заңнамаға (ҚР Құрылыс нормасы 02.04.2021-2004 ) байланысты басталады.