Азаматтар өз таңдауын жасауда
Домалақ ана көшесіндегі Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде орналасқан 463 референдум учаскесінде "AIEM" кәсіби білім беру колледжінің кафедра меңгерушісі, тарих пәнінің оқытушысы, көпбалалы отбасынан шыққан Меруерт Үкібаева өз таңдауын жасады,деп хабарлайды arainfo.kz
Ол: "Бүгінгі еліміз үшін маңызды күнге бейжай қарауға болмайды. Атам соғыс ардагері, майдангер болған кісі еді. Менің әкем, ағаларым мемлекеттік қызметте істеген кісілер. Анам "Күміс алқа" иегері. Біз 6 бауыр да қоғамнан өз орындарымызды тауып отырмыз. Мемлекетіміздің осы кезге дейін жүріп келген жолында біздің шағын әулетіміз өсу ,өну, өркендеу жолында болды. Еліміздің болашағы өте жарқын болады, осы референдум сол жарқын белеске жол ашады деп білемін. Сондықтан да мемлекетінің өркендеген келешегі үшін дауыс бердім" - деді ол.