Саясат

Егіздер ел ертеңі үшін дауыс берді

Еліміздің болашағын айқындайтын тарихи таңдаудан жамбылдық егіздер де қалыс қалмады, деп хабарлайды arainfo.kz

Ағайынды Александр мен Дмитрий Монастырскийлер өздері оқыған №28 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің аумағындағы №20 дауыс беру учаскелеріне келіп таңдау жасады.

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес,референдум комиссиялары өздеріне жүктелген міндеттерге байланысты, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарды тізіммен таныстыру, оларды нақтылау және оларға  дауыс беру күні, уақыты, орны туралы хабардар ету бойынша қажетті шаралар қабылдады.