Президент республикалық референдумда дауыс берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда дауыс берді,деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент, ең алдымен, референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты.