Саясат

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов таңдауын жасады

Дзюдодан тұңғыш олимпиада чемпионы, жамбылдық Елдос Сметов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол Тараз қаласындағы #82 референдум учаскесіне келіп дауыс берді,деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық парызын орындаған спортшы өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.