Диаспора өкілдері саяси науқаннан шет қалмауда
Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназияда орналасқан №35 сайлау учаскесінде 2541 сайлаушы өз таңдауын жасай алады. Қазіргі таңда сайлау учаскесінің есігі келушілерге ашық.Референдум учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылған, деп хабарлайды arainfo.kz
Бүгін республика аумағында ел болып күткен референдум өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен АЭС құрылысын салу бүкіл халықтың талқысына шығарылып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс.
Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде. Мұнда 28 адам денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш бергенімен, соның бірі, мүмкіндігі шектеулі азамат Дилафруз Махмадулоева өзі келіп, өз таңдауын жасады. Осы іс-әрекеті арқылы ол өзгелерге мұндай маңызды шарадан шет қалмай жастарға өнеге көрсетті.
Комиссия мүшелері оны жылы қабылдап, барлық қажетті жағдайларды жасап, дауысты беру процесін барынша ыңғайлы етіп ұйымдастырды.