Саясат

Жамбылдық елге белгілі азамат өз таңдауын жасады

Қазақ елінің тарихы бүгін тағы бір елеулі оқиғағамен толығып отыр. Өйткені бүгін, яғни 6 қазанда елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум өтуде,деп хабарлайды arainfo.kz

Тараз қаласы Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназияда орналасқан № 50 сайлау учаскесінде 2726 сайлаушы тіркелген. Өз жұмысын таңғы 07.00-де бастаған аталған № 50 сайлау учаскесінің төрағасы Салтанат Төлеудің айтуынша, Биыл жасы 18-ге толуына орай алғаш мәрте дауыс беру құқығына ие болғандардың ішінде екеуі күндізгі сағат 10.00-ге дейін өз таңдауын жасапты


Мұнда келіп дауыс бергендердің арасында облысқа, тіпті республикаға белгілі азаматтар да бар. Соның бірі – медицина ғылымдарының докторы, кардтохирург Сейтхан Жошыбаев. С.Жошыбаев күндізгі сағат 10.25-те өз таңдауын жасады.

Айта кету керек, мұнда бүгін сайлаушылардың құрметіне орай жәрмеңке, спорттық ойындар ұйымдастырылды.