Саясат

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы өз таңдауын жасады

Тәуелсіз еліміздің тарихында бүгін елеулі оқиғаға орын алған күн. Өйткені бүгін, яғни 6 қазанда қазақстандықтар бүкілхалықтық референдум арқылы елімізде АЭС салу мәселесі өз шешімін табады,деп хабарлайды arainfo.kz

Тараз қаласы Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназияда орналасқан № 50 сайлау учаскесінде бірнеше қоғамдық ұйым тарапынан байқаушылар қатысып отыр. Біз өз таңдауын жасап, дауыс беруге келген тұрғындарды сөзге тартып көрген едік. Олардың арасында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев та бар. Ол бұл референдум келер ұрпақтың тағдырына оң әсер ететінін сөз етті.