Саясат

Болашаққа бағдар-басты міндет

Тараз қаласындағы #29  сайлау учаскесіне "AMANAT" партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов келіп, өз таңдауын жасады,деп хабарлайды arainfo.kz

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өз таңдауын жасады.

Дауыл Ынтықбайұлы жерлестерін саяси науқанға аса үлкен жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытуға шақырды.

Сондықтан барлық тұрғындарды бүгінгі референдумға белсенді қатысуға шақырамын.  Еліміздің болашақ энергетикалық секторын қалыптастыруда әрбір азаматтың пікірі мен дауысы маңызды. Себебі, біз осы арқылы болашаққа үлкен қадам жасап жатырмыз деп ойлаймын. Бүгін қандай таңдау жасасақ, еліміздің энергетика саласындағы тағдыры әрі қарай солай қалыптасатын болады, - деді партия Төрағасы өз сөзінде.