Жамбылдық ардагерлер де саяси науқанда белсенділік танытуда
Таңнан бері жалғасын тауып жатқан дауыс беру науқанында тұрғындар қатары сейілмейді, деп хабарлайды arainfo.kz
Тараз қаласындағы №29 сайлау учаскесінің есігінен ене кірген дауыс берушілер жоғары деңгейде атсалысуда.Тыл ардагері Тұрар Қарсабаев та өз дауысын беріп, көпке үлгі болуда.
88 жасқа келген Тұрар ақсақал бейбітшілік пен бірлікте болып, болашағымыздың жарқын болуына үлес қосу азаматтықтың белгісі дейді.
Айта кетейік, бүгін өңірдегі дауыс беруге арналған 508 референдум учаскелері ОСК бекіткен нұсқаулығына сәйкес, жарақтандырылып,онда 3616 комиссия мүшелері азаматтарға дауыс беру барысында заң талаптарына сәйкес қызметтер көрсетуде.