Тараздық отбасы дауыс берді
Тараз қаласындағы 3- мектеп лицей ғимаратында орналасқан 498 сайлау учаскесінде белсенділік байқалады, деп хабарлайды arainfo.kz
Тіпті, дауыс берушілер арасында отбасымен келген кісілер де бар. Мәселен ,18 жасқа енді толған Назарбаев зияткерлік мектебінің тыңдаушысы Әлихан Сағынбек ата-анасымен бірге келген. Әкесі Жамбыл Қойбағаров кәсіпкер болса, анасы Іңкәр Айтқұлова мұғалім. Ал, әпкесі Аружан Сағынбек банк қызметкері.
Бір отбасынан төрт кісі келіп дауыс беруі көпшілікке үлгі!