Саясат

Жамбылдық 67 жастағы ана алғаш рет дауыс берді

Ел үшін маңызды істе тараздықтар аса белсенді. Әсіресе #70 сайлау учаскесінде таң атқаннан сайлаушылар толастар емес,деп хабарлайды arainfo.kz

Бүгін мұнда бүкіл ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған 67 жастағы зейнеткер ана Надежда Ильницкая келіп алғаш рет дауыс берді. Сайлаушы мұндай саяси науқанға тұңғыш рет қатысып тұрғанын айтып, қуанышымен бөлісті.

Тағдыршешті саяси науқанға үн қосқан зейнеткер балаларын да референдумға шақырғанын айтты.