Саясат

Сайлаушылар белсенді

Елдің келешегі үшін маңызды шешім жасалар сәтте референдумға тараздықтар да белсенді қатысуда. Қаладағы №30 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан №66 және №67 сайлау учаскелеріндегі қарбаласқа қарап, тұрғындардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтындарын байқадық,деп хабарлайды arainfo.kz

Мұнда референдумға тап-тұйнақтай әзірлік те аңғарылады. Тарихи сәтте өз таңдауын жасаған тұрғындардың біразын сөзге тартып, пікір сұрап едік, көбі «Елімізде АЭС-тың салынып-салынбауы болашағымыз үшін өзекті. Сондықтан өз таңдауымызды жасауға асықтық,- дейді. 

Осы мектептегі №66 сайлау учаскесіне 2578 сайлаушы тіркелсе, №67 учаскеде 2364 тұрғын дауыс береді.
Осындағы сайлау учаскелеріне жауапты мектеп әкімшілігі таңдау жасауға келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін концерттік бағдарлама дайындап, ыстық бауырсақ таратып жатыр. Сонымен қатар, сайлаушылар үшін түрлі спорттық ойындардан жарыс та ұйымдастырған.

Ұлымен бірге дауыс беруге келген 78 жастағы алтынқұрсақты ана Манзура Керімбаева: