Бірінші болып дауыс берді
Бүгін елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум басталды. Осынау маңызды күні таңертең алғашқы болып, Жамбыл атындағы №5 мектеп - гимназиясына орналасқан №35 сайлау учаскесіне Тараз қаласының тұрғыны Айдарбек Айманбетов келіп, өз таңдауын жасады ,деп хабарлайды arainfo.kz
Ол өз сөзінде бұл жауапкершлілік үлгісін азаматтық парызы екенін атап өтті.
Алғаш болып дауыс берген азаматқа қасиетті домбыра сыйға тартылды.
Айта кетейік, өңірімізде таңғы сағат 7:00-лен бастап дауыс беруге арналған 508 референдум учаскесі өз жұмысын бастады.