Жаңалықтар

Тағайындау

Тараз қаласы әкімінің өкімімен Өңірлік кадр резервінің мүшесі Жандос Темірханұлы Рүстембаев кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды.

Жандос Темірханұлы 1991 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2012 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін, 2014 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.2015-2017 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің Экономикалық саясатты үйлестіру басқармасында сарапшы, бас сарапшы болып еңбек етті.Әр жылдары медициналық клиниканың, «АМӨЗ» ЖШС-ның экономисі, «Ауан и К» ЖШС-ның қаржы директоры лауазымдарын атқарды.2024 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып еңбек етіп келді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі