Жаңалықтар

АЭС тұрақты дамуға жол ашады

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры Мұсақұлов Олжас әлеуметтік желісінде АЭС жайлы пікір білдірді,деп хабарлайды arainfo.kz

"АЭС әлемнің көптеген елдерінде бар. Сондықтан, келешек ұрпақты энергетикалық тұрғыда тәуелсіз қылу үшін «жасыл» энергияны қолдауымыз қажет. Электр энергиясына деген тапшылықты жойып, көрші елдерге тәуелділіктен арылып жатыр. Атом электр станциясы-бұл елдің болашағына және оның тұрақты дамуына қосқан үлесіміз. АЭС Қазақстанға отын импортына тәуелділікті азайтуға және мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл энергетикалық тәуелсіздікке, экономикалық өсуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қадам. Атом энергетикасы — таза және жарқын болашаққа апаратын жол. Ең бастысы, біз өзіміздің табиғи ресурстарымызды пайдалана аламыз",-делінген жазбада.