Жаңалықтар

Аспаралықтар тазалық акциясына біркісідей атсалысты

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, Меркі ауданына қарасты Аспара ауылдық округінде күзгі сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Шара барысында ауыл көшелерінің бойындағы және ауыл саябағы аумағындағы шөптер шабылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Талдардың түбі қопсытылып, ақталып, суару жұмыстары да қолға алынды.