Руханият

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қарияға құрмет көрсетті

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Айтулы мерекеге орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері тараздық қарияға құрмет көрсетті.

Бұл күні құқық қорғау органдарының өкілдері Әлмахан атаның үйінің ауласын тазалап, отын жару сынды өзге жұмыстарын атқарып берді. Өз кезегінде 70 жастағы ақсақал үй шаруашылығына жәрдемдескен жомарт жүрек жастарға батасын беріп, шынайы ризашылығын білдірді.