Жаңалықтар

Импорт шығындарын азайтады

Атом энергетикасы — Қазақстан үшін электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға көмектесетін сенімді энергия көзі.

Бүгінде біз қоршаған ортаның тазалығына көбірек көңіл бөлудеміз, ал атом электр станциялары бұл мәселенің маңызды шешімінің бір бөлігі бола алады. Олар көмірқышқыл газын шығармайды және атмосфераны ластамайды, сондықтан экологиялық таза. Ең бастысы — біз энергия өндіру үшін өзіміздің табиғи ресурстарымызды, яғни уранды пайдалана аламыз. Бұл елге импортқа шығындарды азайтуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Атом электр станцияларын салу — болашаққа жасалған қадам, мұнда энергия тұрақты, арзан және барлық азаматтар үшін экологиялық қауіпсіз болады.

 

 

Ұлбосын АЛПЫСБАЕВА, 
белсенді жастардың өкілі