Ауыл шаруашылығы

Астық толы қамбада...

Астық толы қамбада...

Бүгінгі таңда Т.Рысқұлов ауданының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Осы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнімнің көлемі 32,3 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,1 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткіш өткен жылы 21,9 миллиард теңгені құраған болатын. Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өткен жылы инвестиция көлемі 1,3 миллиард теңгеге жетсе, ағымдағы жылдың 8 айында тартылған инвестиция көлемі 1,5 миллиард теңгені құрап отыр. 

Аудан бойынша осы жылдың өніміне 136 671 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген еді. Оның ішінде күздік бидай 55200 гектар болса, жаздық арпа – 53073 гектар. Бұдан бөлек 274 гектар дәндік жүгері, 16 164 гектар майлы дақыл отырғызылған. Оның ішінде 14 368 гектар мақсары, 1796 гектар күнбағыс. Техникалық дақылдан 380 гектар қант қызылшасы, 560 гектар картоп, сонымен қатар 522 гектар көкөніс, 174 гектар бақша дақылдары егілді. Көпжылдық шөп – 10 296 гектар. Егістік алқаптарды тыңайту жұмыстары бойынша биыл 5135 тонна тыңайтқышқа сұраныс беріліп, оның 3860 тоннасы алынды. Бұған қосымша аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тағы 2500 тонна минералды тыңайтқышқа сұраныс берді. Жыл соңына дейін 77100 гектар егістікке тыңайтқыш қолдану күтілуде. Нәтижесінде осы жылы аудандағы егіс алқабының 51,3 пайызына тыңайтқыш себілетін болады. Егін орағы мен күзгі дала жұмыстарына қажетті кепілдендірілген бағамен берілетін дизель отынын таратушы оператор болып бекітілген «Wedo Energy» ЖШС-ның ұсынылған калькуляциясына сәйкес, дизель отынының 1 (бір) литр құны 209 теңге болып бекітілді. Күзгі дала жұмыстарына жалпы 2730 тонна жанар-жағармай бөлініп, шілде айында – 650 тонна, тамыз айында – 780 тонна, қыркүйек айында – 780 тонна шетінен үлестірілуде, қазан айында 520 тонна дизель жеткізілетін болады. Биыл егін ору науқанында 108 685 гектар дәнді масақты дақылдар, оның 57 015 гектар күздік бидай, 51 670 гектар жаздық арпа ораққа түсіп, жалпы 198 893,5 тонна астық қамбаға құйылды. Орташа өнімділік әр гектарға шаққанда 18,3 центнерден айналып отыр.

Мөлдір ТАСТАНБЕК, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы