Жаңалықтар

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Дәурен Қосанов 1969 жылы 14 қазанда ҚазКСР, Павлодар облысы, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, 2005 жылы Ю. А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын бітірген2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын бітірген.