Жолшылар бірқатар нысандарды тексерді
Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің бастамасымен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері мен жергілікті БАҚ өкілдерінен құралған мобильдік топ облыс аумағындағы коммуникациялық жөндеу жұмыстарынан кейінгі жолдар мен қалпына келтіріліп жатқан нысандарды тексерді.
Айта кетейік, Тараз қаласы мен Меркі және Шу аудандарындағы бас-аяғы 19 нысанның құрылыс жұмысына жауапты мердігерлер қадағалаушы мекемемен келісімшарт жасамаған. Қыруар қаржы жұмсалған осынау нысандар алдағы уақытта келісімшартқа кіргізіліп, мұнда жол құрылыс материалдарының сапасын анықтау жұмысы жүргізіледі деп көзделуде.