Спорт

Ұлттық олимпиада комитетіне жаңа бас хатшы тағайындалды

Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының кезектен тыс жиыны өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бас ассамблеяның күн тәртібінде қаралған мәселенің бірі – жаңа бас хатшыны сайлау. Геннадий Головкин Әлімжан Ақаевтың кандидатурасын ұсынып, ұсынысты қатысушылар бірауыздан бекітті. 

Әлімжан Ақаевтың  мемлекеттік басқару  магистрі дәрежесі (Дрейк Университеті, Дес Мойнес, Айова штаты, АҚШ), Іскерлік басқару магистрі дәрежесі (Солтүстік Айова магистрі, Седар-Фоллс, Айова штаты, АҚШ), Сыртқы саясат саласындағы Мемлекеттік басқару дипломы (Ресей СІМ Дипломатиялық Академиясы, Мәскеу, РФ) бар.

Әлімжан жеті жыл көлемінде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің халықаралық  қатынастар Департаментін басқарып, халықаралық форумдар мен конференцияларда Қазақстан Ұлттық ҰОК мүддесін қорғады және Қазақстанның әлемдік спорт аренасындағы  байланысы мен беделін нығайту жолында қызмет етті.

2024 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан ҰОК президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.