Жамбыл облысында сотталған әйел заңды некеге тұрды
Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйел заңды некеге тұрды,деп хабарлайды arainfo.kz
Айта кету керек, 38 жастағы нәзік жанды алаяқтықпен айналысқаны үшін Қылмыстық Кодекстің 190 бабының 3 бөлігі негізінде кінәлі деп танылып, сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.
Жалпы, бүгінгі таңда аталған мекемеде бас-аяғы 81 азамат жазасын өтеп жатса, оның ішінде әйелдердің саны – 5 адам.