Жаңалықтар

«Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымды аяқтады

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза қала – Таразым» атты облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті.

Облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері мен волонтер жастар қатысты.

Салтанатты іс-шараның ашылу салтанатында облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев сөз алып, еңбек жасақтарының атқарған жұмыстарына тоқталды. 

Жиын барысында облыс әкімдігі тарапынан «Үздік сарбаз», «Үздік жасақ», «Үздік жасақ командирі» сынды номинациялар негізінде үздіктер анықталды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ