АЭС – Жаңа мүмкіндіктер ашады
Облысымызға жұмыс сапарымен келген Сенат депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев Шу ауданында болып, теміржол саласы мен мәдениет үйінің қызметкерлері және тұрғындарымен кездесіп, АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу тақырыбын талқылады.
Депутаттар Мемлекет басшысының бастамасы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келіп отырғанын жеткізді. Бұл қадам еліміздің одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сенаторлар Қордай ауданының тұрғындарымен және ардагерлер кеңесінің өкілдерімен де кездесті. Сонымен қатар Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияда Сәкен Арубаев пен Бекболат Орынбеков және облыстың Құрметті азаматы Қасымхан Төлендиев, Тараз қалалық халықтық штаб мүшесі Кенжебек Олжабай мекеме ұжымымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиынға қатысушылар атом электр стансасының құрылысы қазіргі уақытта еліміздің энергетикалық қажетін шамамен 70 пайызға қамтамасыз ететін әрі қоршаған ортаға зиян келтіретін көмір электр стансаларына тәуелділікті айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ