Жаңалықтар

АЭС– энергия өндірудің тиімді жолы

Қазақстанға Атом энергиясы не үшін қажет? Бұл біздің елімізді арзан және тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етудің ең тиімді әдісі.

Атом электр станциялары қауіпсіз және көмірқышқыл газын шығармай қуатты, таза энергия береді. Бұл экологияны жақсарту және климаттың өзгеруімен күресуг үшін маңызды. Біз өз ресурстарымызды пайдалана аламыз, өйткені Қазақстан уран қоры бойынша көшбасшылардың бірі. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашады және ғылыми-техникалық дамуды ынталандырады. Бұл бәріміз үшін — қауіпсіз және тұрақты болашаққа жасалған қадам.

 

Гульбахрам ЕРМЕКОВА,
Сарыкемер ауылы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры,

аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты